[inetvse ]
Всего материалов в каталоге: 46
Показано материалов: 22-28
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 »

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).

1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және өндіріс орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2289 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Лексика, лексиканың жіктелуі
Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Грек тілінің lexis - "сөз" және logos - "ілім" деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.
Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның қзгеруі, ауысуы),этимология(сөздің шығу тегі,төркіні, ең алғашқы мағынасы), фразеология (тұрақты сөз тіркестері), лексикография (сөздерді жүйелеу эәне сөздік жасау ерекшеліктері)деп аталатын салалардан тұрады.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1149 | Қосқан: Asia | Уақыты: 26.04.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Төр
Қазақ басылымдарының қатары сиреп жабылып жатқанымен жарық көріп бастағаны да бар. Соның бірі – республикалық қоғамдық-саяси «Төр» журналы. Жуырда Елордадағы Журналистер үйінің Мәжіліс залында республикалық журналдың таныс­тырылымы өтті.

Тұсаукесер рәсіміне Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының директоры Сұлтан Сраилов, «Рауан» баспа үйінің бас директоры, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жаңа басылымның бас редакторы Олжас Сәндібектің айтуынша, қалың оқырманға әзірге екі мың данамен жол тартқан үнжария негізінен ұлт мүддесін, тұлғалар бейнесін, тарихтың ақтаңдақ қатпарларын ай­шықтауды көксейді. «Төрдің» бетінде қазақ халқының қамын жеген ата-баба­лары­мыздың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптейміз, тәуелсіз мем­ле­кетіміздің бірлігі мен экономикасының тұрақты дамуына, ұлтаралық татулығына, ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын, ел үшін туған арда азаматтардың еңбегін алаш жұртына паш етеміз. Әу бастағы және алдағы мұратымыз да осы. Замандастарымыздың жарқын істері мен шыққан белестері де журнал ұжымының назарынан тыс қалмайды» дейді О.Сәндібек.

Оқырман «Төр» журналының екінші санынан қазақтың ақырғы ханы һәм батыры Кенесары хан туралы Мағжан Жұмабаевтың толғауын, сонымен қатар, Сидней олимпиадасының чемпиондары Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбыраймовқа арналған ақын Бауыржан Берікұлының жырларын, есімі елге белгілі кәсіпкер, «Құрмет» орденінің кавалері Оралбек Ботпайдың сыр-сұхбатын және тағы басқа құнды дүниелерді оқи алады. «Төрелігін айтыңыз», «Төресөз», «Төрдің көркі», «Төрлетіңіз», «Төрге лайық», «Төртұлға», «Төрдің талқысы», «Төрдегі толғам» атты айдарлары бар басылымның келесі нөмірі қазақ өнерінің майталманы Құрманбек Жандарбекұлына арналмақ екен. Журналдың тұсаукесеріне жиылған қауым «Төр» журналы халықтың көңілінің төрінен орын алатын басылым болсын деген ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 683 | Қосқан: Asia | Уақыты: 23.02.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Төрт мезгіл сыр шертеді...
Сүйіктісін асыға, сабырлы кейіппен күте жерге Қыс кіріп келеді. Жүзінде күлкі болады… Сүйіктісін көремін-ау деген үмітпен асықтығой, шіркін! Жайдары мінезін танытты… жерде аздап күн жылып тұрады. Уақыт өтті, күткен ғашығы әлі келмеді. Ашуға булықты, жүзінің суығы сондай аққан жасы, қар болып жерге түсті. Келіп қалар деген үмітпен ашулы жүзін аздап күлімсіретті. Келмеді… Қаһарлана ашу шақыра бастады, қатты күрсінді… күрсінісі жерге жел болып келді, ашу үстіндегі күрсінісі боранға ұласты. Еңк-еңк жылады, аққан жасы қар болып жерге домалады. Аздап тағы күлімсіреді, жердегі қар ери бастады… шыдамы таусылып, жүзін қайта мұң басты, жерде қатты аяз болды. Еріген жасы мұз болып қатты… жер тайғақ болды. Сүйіктісін сарыла күткен Қыс уақыт жақындаған сайын алып-ұшып, жүзіне күлкі үйіріле бастады… жерде күн шықты. Тағыда көре алмай қаламынба деген ой келді… түрі бұзылды, ашуын сілкіп-сілкіп жіберді… жерге қайта қар жауды...үһ! деп қатты күрсініп еді… жерде жел тұра бастады. Көктемді есіне алып күлімсіреді, өткен жылы көре алмай кеткен өкініші қайта оралып, жерді қайта аққан суық жасымен көмкеріп тастады. Осылайша сүйіктісін жолықтыра алмай Қыс жолымен кете барды…
Сүіктісін сағынған Көктем алып-ұшып жүгіріп келеді… жүзінде күлкісі бар еді… бірақ сүйіктісіне жете алмады… тек Қыс қалдырған суық жасын қолына алып, бауырына басып өксіп-өксіп жылап алды. Азда болса сүйіктісінен қалған қарды көктемнің көз жасы шайып жіберді. Сүйіктісінен қалған естелігін жоғалтып алғанына қатты өкінді...үсті басы быт-шыт болды… жер лайланды… күрсініп әбден жылады… жерде күн күркіреп, жауын жауды. Аздан соң есін жыйды...Қысты іздеп барамынғой… мүмкін жолығармыз… Сондықтанда өзімді күтейін деп әрлене бастады. Сұлуланды, тез-тез сүйіктісінің жүрген жолымен қуып жетпек болды. Асықты. Әлсін-әлсін жылап алады… жерде жауын жауады. Бойын қайта түзеп, қайта әрлене бастайды… көктемнің аққан жасынан жер көктеген үстіне көктейді… Осылай сұлуланып сүйіктісінің ізімен кете береді… жерде жылу пайда болады.
Жаз Көктемнің сүйіктісінің жолымен асығып бара жатқанын көреді. Қуанады, ақ жол тілеп шығарып салады… жерде күн шуағын шашып ыси бастайды. Үнемі күліп жүретін Жаз, Көктемнен қалған әдемі естеліктерді жылытып, одан сайын құлпырта түседі. Сүйікті Күзді сағынып, күтіп жүреді. Күз келеді деп айналаны әрлейді… жерде жемістер пісе бастайды, күн шуағын аямай төгеді. Төзімі таусылады, еңкілдеп жылап алады, Жаздың аққан жасы жерге ақ жауын болып тамшылайды. Әбден шаршайды, әлсін-әлсін күрсініп қояды… күрсінісі жерге самал жел боп келеді. Осылайша асыға күткен сүйіктісі Күздіңде келер уақыты таяп қалады. Қуанады, бірақ көре алмай қаламын-ау деген өкініші жерге аздап салқындық сыйлайды. Сонымен артына жәймендеп көз тастап кетер жолымен жылжи береді.
Күз асығып Жазды көремін деп жүгіріп келеді. Өкініштісі, тек кетіп бара жатқан Жаздың арқасынан қарап, қол бұлғаған күйі қалады. Қарап ұзақ тұрады. Тым болмағанда көрдімғой оны, деп сағынышты жүзіне күлкі үйіріледі. Жерде Жаздан қалған аздаған жылулық сақталып тұрады. Сүйіктісен қалған естелікті бұзғысы келмей сүйсініп ұзақ жүреді. Дегенменде шыдамы бітіп, кеудесін өкініш кернеп жылап қоя береді. Күзден аққан жас жерге сел болып ағады. Қатты күрсінеді… жердегі жылу бір пәсте таусылып, салқын түсе бастайды. Өксігін баса алмай Күз ұзақ жылайды, ашуға булығады… жерде қатты жауын жауып, сұрланып, жел тұрады. Буырқанып, бұрқан-талқан болған Күздің көзінен жас кетпейді.Осылайша өзінің сүйіктісінің жолымен кете барады… Осылайша ғашықтар көрісе алмай әлемді айналып жүре береді.
Әр мезгіл өзінің сағынышына қарай сыр шертетін сияқты көрінді мен үшін. Сондықтан тек өз ойыммен қысқа етіп жазып шықтым. Биылғы Қыс сүйіктісін қатты-қатты сағынған секілді болдыма? Қалай өзі? Ашуы әліде қайтар емес.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 620 | Қосқан: Asia | Уақыты: 23.02.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Қазақша мақалалар саны 200 мыңға жетпек
«2011 жылдың желтоқсанында Википедиа интернет-энциклопедиасында қазақша мақалалар саны 200 мыңға жету керек» деп мәлімдеді «Wikibilim» қорының құрылтайшысы Кенжеханұлы Рауан «Википедиа» энциклопедиясының қазақша бөлімін дамытуға арналған бүгінгі пресс-конференцияда.

«Бұл жобаның мақсаты – демеушілердің, әріптестердің көмегіне жүгіне отырып, қазақша мақалалар санын биылғы жылдың аяғына қарай 200 мыңға дейін жеткізу. Өкінішке орай, осы энциклопедиядағы қазақ тілді мақалалар саны кенже қалуда. Мәселен, 281 тілде жазылған мақалалардың жалпы саны 18 миллионнан асып отыр. Соның ішінде 3,5 миллионы ағылшын тілінде жазылса, 700 мыңнан астам мақала орыс тілінде берілген. Сол себепті осы жобаны қолға алуды жөн көрдік» дейді «Wikibilim» қорының құрылтайшысы.

Бұл конференцияға Қ.Р. Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «Wikimedia Foundation inc» қорының қамқорлық кеңесінің құрылтайшысы Тинг Чен, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының басшысы Жақып Бауыржан және «Wikibilim» қорының құрылтайшысы Кенжеханұлы Рауан қатысты.

Жобаның дамуына байланысты елімізде көптеген шаралар атқарылып келеді. «Осы шаралардың нәтижелі болып, мақсатқа жету үшін бірінші кезекте бізге инвестиция емес, технология емес, ең алдымен білімді, білікті ақпаратқа қол жететін азаматтар керек, ақпараттық қоғам керек. Ал оны құру үшін міндетті түрде біз технологиялар арқылы әр түрлі білімге қолжетімділік жасау керек. Орыс тілімен салыстырғанда қазақ тіліндегі ақпарат саны 100 есе кем. Жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қорғаған дипломдарын, ғылыми жұмыстарын салып, жұмыс жүргізу керек » дейді Қ.Р. Мәжіліс депутаты. Айта өту керек, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясы басшысы Жақып Бауыржанның айтуынша, аталмыш редакция Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының 10 томдығының электрондық нұсқасын беріп, оны Википедия энциклопедиясына салуға келісіп отыр.
Сондай-ақ конференцияда дүниежүзі бойынша кіріп қарайтын адамдар санына байланысты 4-ші веб-ресурс болып есептелетін бұл жобаның қаржы мәселесі де сөз болды. Төраға Тинг Ченнің айтуынша, бұл коммерциялық емес және жарнамадан ада жоба болғандықтан, қажетті қаражаттың барлығы пайдаланушылардың жарнасынан келіп жиналады. Бұлардың басым бөлігі 5 долларға дейінгі кіші жарналар.

«Википедиа өз деңгейінде қызмет атқару үшін Заңға біршама өзгерістер енгізу қажет,- дейді Мұрат Әбенов- «Wikipedia» «Сreative Commons» жобасымен жұмыс жасайды. Ол міндетті түрде авторлық құқықтарды қалай сақтау керек және ашық, тегін және тегін емес пайдаланатын түрлерін де қарастырады. Қазіргі таңда Парламентте авторлық құқық туралы заң қарастырылып жатыр».

Бұл авторлық құқық туралы мәселе пайдаланушылардың Википедиаға мақала енгізудегі қосымша фото-сурет материалдарын қолдануына да қатысты. «Егер суретті өзіңіз түсірсеңіз, оны енгізуге құқылысыз. Ал өзге желілерден көшіріп алсаңыз, ол суретті енгізуге құқығыңыз болу керек» дейді Тинг Чен мырза.

Естеріңізге сала кетейін, Жобаның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Сондай-ақ пайдаланушылар арасында өтетін байқауға «Nokia» компаниясы демеушілік жасауға келісті.

Википедия – негізі 2001 жылы қаланған көптілді еркін және тегін көпсалалы интернет-энциклопедия. Википедия интернет-энциклопедиясының басты ерекшелігі – энциклопедияға мақала жазудың жеңілдігі. Яғни энциклопедия сайтында тіркелген немесе тіркелмеген кез келген интернет пайдаланушы жаңа мақала бастай алады немесе бұрын жазылған мақаланы өңдей алады. Википедиа әлемнің барлық түкпірінен ақпарат қосуға ниеттенген ерікті жандардың көмегімен 281 тілде жазылуда. Қазір энциклопедияда барлық тілдегі мақалалар саны 18 миллионнан асты. Википедиа – сайтқа кіретін адамдар саны жағынан әлемнің алғашқы бестігінде – оған ай сайын 400 миллион адам кіріп оқиды. 2011 жылдың қаңтар айында Джимми Уэйлс пен Ларри Сэнгер бастаған Векипидиа бүгінгі күні интернеттегі ең танымал және ең ірі анықтамалық ресурс болып саналады.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 768 | Қосқан: Asia | Уақыты: 23.02.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Ғылыми техникалық прогресстің экономикалық тиімділігі
Ғылыми-техникалық прогресстін экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Ғылымн-технпкалык прогресс - ғылым мен технпканын бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16-18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылымн-теорнялык және технпкалык кызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Б^ған дейін матерналдық өндіріс негізінен эмпнрнкалыктәжірнбені, кәсібн ңдшяны қорландырып, машық-тәсілдерді жннақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табнғат туралы ғылымн теория таным аясында да ілгерілеу ннеті байқалды, бірақ ол теологнялык-схоластикалык касандыкка қамалып, өндірістік амалшараларға ^дайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
іб ғ-да адамзатбаласынын сауда-саттыкты өрістетіп, теаІз жолын мевгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелІ мІндеттердІ теор. және тәжірнбелік түрғыдан шешу кажетгігІн алғa тартты. Нак осы кезде ғылым Кайта өркендеу двуірі идеяларыныв әсерімен схоластикалык дәстүрлерден кол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жүртыныв компасты, ок-дәріні ойлап табуы және кітап басу тэсілін менгеруі ғыл. және тех. кызметтердів берік одағын күруға жетелеген $лы жавалыктар болды. Жалпы, бүл - гылыми-техникалык прогресстін бІрІншІ кезевІ саналады. КейінгІ кезевдерде үлғая түскен мануфактуралык өндіріс муктажы үшін су диірменін паіідалану әрекеті кейбІр мех. процестерді теор. түрғыдан зерттеуге жетеледі. ТІсті деагелектер козғалысынын теория сы, науа теория сы, су кысымы тур алы, карсыласу мен үйкелу тур алы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралык кезев ірі енеркәсіптің бастапкы ғыл. жэне тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейІн Д.Бернулли, Э.Мариотг, Ж.Л.Д'Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка «ендіріс кызметпгілерІ» деген атпен ендІ. і8 ғ-дыв совында машина ендІрІсІніц пайда болуына математиктердін, механиктердін, физиктердІн, енертапкыштар мен шеберлердів үлкен бір тобыныв ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз калаған едІ. Дж. Уаттыв бумен жүретін машинасы конструкторлык-тех. ізденістів ғана емес, «ғылымнын жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезевінде ғылымды технол. түрғыдан колдану үшін тыв. шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осыныв өзі ғылыми-техникалык прогресстів жава, екінші кезевіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса каркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшелендІ. Гыл.-зерт. кызметінін теориялык шешімдерді техникалык нүскаға жеткІзуге күзырлы арнаулы буындары: колданбалы зертгеулер, тәжірибелІк-конструкторлык жасалымдар, өндірісті к жетілдІрулер үрдІсІ калыптасты. Гылыми-техникалык іс-әрекет адам евбегІнІв ев аукымды, ажырамас бөлІгІне анналды.
Гылыми-техникалык прогресстів үшінші кезеві казіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерІмен байланысты. Оныв ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пэндердІв аясы кеви түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ак биологтар, фнзнологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене катысады. Гылым техниканы үздіксіз революция л андырушы кү-шке айналды. Ал техника болса, ғылымныв алдына тыв талап, тосын міндет кою әрі оны күрделІ эксперименталды жабдыктармен жарыктандыру аркылы алға тартып келедІ. Осы заманғы ғылыми-техникалык прогресстів ерекше кыры - тек енеркәсіпті ғана емес, сондай-ак коғами түрмыс-тірпгілІктів, т.о. көптеген салаларын: ауыл шаруашылык, көлІк катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру Ісін, кызмет керсету түрлерін камтитындығы. Гылыми-техникалык прогресс
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2177 | Қосқан: Asia | Уақыты: 17.02.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
ЖОСПАР:

«Дүние де өзі,мал да өзі».
«Қалың елім,қазағым».
Татулық пен тұрақтылық.
«Өлең-сөздің патшасы».
Түйін.
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
(Ж.Ысмағұлов.)

Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды.
80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.

«Дүние де өзі,мал да өзі».
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,-
дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.
Орыс тілі,жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар,келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы,
…Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады.
Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген.
«Қалың елім,қазағым».
Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.
Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.
Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері ХІХ ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл сарынын үлгі тұтқанын,сол жолдағы ізденісін, беталысын байқатады.

Татулық пен тұрақтылық.
Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған.Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген,халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады.
Абай үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан,әйелге адамгершілік,әділет тұрғысынан қараудан іздеді.Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады.Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып,ол шынайы достық сезімді жоғары қояды.Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп,жаңа өнеге ұсынады.Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу орынды.Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан.Ол «сол досты» іздеп күңіренеді,жоқтайды.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
…Пайда,мақтан-бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас,-
деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның ой түйіні,өсиеті іспетті.Бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді.

«Өлең-сөздің патшасы».
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін,оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасқа алып келді. Ең алдымен,Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасын тәрізді.Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу.Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы-поэзия деп жоғары бағалай отырып,бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз,надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты,жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарл
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 7780 | Қосқан: Asia | Уақыты: 07.02.2014 | Пікірлер (2)