[inetvse ]
В категории материалов: 26
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »


Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Әбу Насыр Әл-Фараби(Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани)(870-950) - Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым.
Менің мақалаларым | Қарағандар: 350 | Қосқан: inetkzucozru | Уақыты: 24.09.2018 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Абай Құнанбайұлы
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 431 | Қосқан: Asia | Уақыты: 26.09.2017 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Абай Құнанбайұлы туралы шағын шығарма
Абай Құнанбайұлы қазақ елінің үлгі тұтар данасы. Ол жастайынаң әжесі мен анасының бауырында өсіп, сол мезеттен ақындық жолына түседі деп айтуға болады. Қасындағы осындай жаңдарынан ертегілер мен өлең-жырларды тыңдап бойына сіңірген жас ақын ойы ұшқыр болып өседі.
Өзіндік ақындық жолындағы ізденеісің Абай орысша кітаптарды көп оқып ойын жетілдіреді. Қазақтың көрнекті жазушысы нағыз шығармашылық ақындық жолын қырыққа таяңған кезінде бастайды. Абай өзінің шығармашылық жолында білім мен мәдениеттің маңыздылығын көрсетеді.
Ең алғашқы шығармаларының бірінде айтып кеткендей.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра ескермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсың, шен алсын деп бермедім.
Осындай өлеңдері арқылы ол өзінің өкінішінғана білдіріп қоймай, болашақта жастар өмірде бос қалып қоймасын деп, білімді, көздері ашық ұлы тұлғалар болсын деп өз өсиетін қалдырып кеткен.
Ақын өз жазуларында жастарды, халықты оқуға, білімге, өнерге баулыған. Қазағым қарайып қалмасын деп, еңбектерінде ақын көрсетіп жазып кеткен. Ақын зиялы жастар тәрбиелеуге тырысты. Халқының болашағын ойлаған. Абай өз шығармаларында адамның жаман жақтарын көрсетіп сынап, түзетуді ойлап қазақ жастарына арнаған шығармалары аз емес.
Осы ұлы тұлға әрқашанда біздің жадымызда сақталып, оның шығармалары әлі талай ұрпақты тәрбиелеп, дұрыс жолға сілтеп көрсететіні аңық.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1258 | Author: Абай Құнанбайұлы туралы шағын шығар | Қосқан: Asia | Уақыты: 04.11.2016 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Өндіріс және өндіріс факторлары
Өндіріс дегеніміз - адамдардың өмір сүруі және дамуы үшін қажет материалдық игіліктерді жасау.Ол адамдардың көптеген мәселелерін шешеді, олардың қажетін қанағаттандырады.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 701 | Қосқан: Asia | Уақыты: 19.07.2015 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
"Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын" /Болашаққа барар жол
Жоспар
I 1.Ата-бабаларымыздың аманаты
II 1.Қазақ халқының мәдениет білу парыз
2. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
3. Менің болашағым менің қолымда
III 1. 21 ғасырдың озық жетістіктері
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2037 | Қосқан: Asia | Уақыты: 21.05.2014 | Пікірлер (2)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Қазақстандағы керекті мамандар. Мектептен кейін қандай мамандықты таңдасам екен?
Осындай сұрақ әр бір адамның басына мектепті аяқтайтын уақытта келеді. Сол кезде адам расында ойлана бастайды қандай мамандықты таңдасам екен және сол мамаңдық маған көбірек ақша әкелсе екен ой пайда болады. Қазіргі Қазақстанға инженерлер,құрылысшылар,архитекторлар, биологтар осындай сияқты өндірістегі жұмыскерлер керек болып тұр. Қазіргі Қазақстанымызда шетел архитекторлары үйлерімізді салып еліміздің бюджетін сыртқа тартып жатыр, ал біз болсақ өзімізде жақсы маман дайындап шығаруымыз керек және де сол маман елінің артқан сенімін ақтау керек.
Егер әрбір студент кішкене талаптанса онда біздің еліміздің болашағы өте жарқын болмақ. Әр бір оқушы зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істеуден қорықпау керек, ол сол саланы жетік білетін еліміздің білікті мамандардың бірі болу керек. Болашақ студент сен егер өзіне мақсат қойсан сол мақсатқа жетем десен көп еңбектену керек ештене тегін берілмейді, тек талап пен еңбек адамды болашаққа, жақсы өмірге жетелейді.
Еңбек түбі сары алтын деп жайдан жай айтпаған, еңбекіз адам - адам емес ол жайғана зат секілді керек емес болып қалады, ал егер адам еңбектенсе өз саласының маманы болса ғана сол еңбегінің жемісін ақша түрінде көре алады. Бай адамдар бір күнде байыған жоқ олар күнделікті еңбек етудің арқасында байып отыр.
Сондықтан ағайын бөлінбей бірігп еңбек етейік. Біздің Елбасымыз айтқандай еліміздің болашағы бірлікте.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1046 | Қосқан: Asia | Уақыты: 02.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Алтын орда – Астана!
Алыс-жақын сапарлардан еліңе оралғанда ең әуелі ұшақ төмендей бастағанда қызыл-жасыл шамдары жарқыраған қаланы көресің. Бұл жай ғана қала емес, Қазақстанның әлемге саясатын тарататын бас қаласы – Астанасы. Бұл қаланы бейне бір жұмақтың қақпасы секілді қабылдайсың. Әр сапарда жүрегіңе орнықтырып алып кетесің. Өйткені Астана бейне – бір ертегідегі қала сипатты. Анау құс жолы биігінен қарасаң Астана ғажайып жаһұтқа ұқсайды. Өйткені мұндай қаланы көрген де арманда, көрмеген де арманда. Шындығы осы.

… Ақмола – Целиноград – Ақмоланың кешегі кейпі көз алдымда. Сарыарқаның сауырындағы аймақтық қалалардың ішінде ерекше бір статусы да жоқ болатын. Бірақ ежелгі тарихы бай қаланың алтын көмбесі бар еді. Ол өзінің ашылуын ұзақ күтіп жатты…

Тәуелсіздік, егемендік қазақ тарихын ғана емес, қазақ санасын да өзгертті. Кешегі Мәскеудің соқыр ішегіндей болған Қазақстан дүр сілкінді. Ескі жүйенің жамылғысын сыпырып тастады. Осындайда көңілге бір әфсана оралады. «Бір топ қойды бір қасқыр басқарса, қойдың бәрі қасқыр болып шыға келеді». Әлдебір оқырмандардың астарлы сөз іздеп, халықты қойға балап отыр деп ойламауын сұраймын. Бұл бейнелі сөздің астарында кешегі Абылай, Әбілқайыр, Хан Кене, бүгінгі Назарбаев тұр. Өйткені бұл тұлғалар қазақты бодандықтан босатып, өз алды мемлекет құруды мақсат етті. Найза мен қылыш, садақ пен шоқпар ұстанған халық зеңбірекке, бақайшығына дейін қаруланған патша армиясына қарсы шықты.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1558 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
АСТАНА – БІР ӘЛЕМ!
Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, Сенат депутаты:

Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жүрегіне сыйған тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп қасиетті қазақ жеріне, өз даласына қондырып, орнықтыра білген өзіндік бір әлемі!
Абыройы асқан Астана! Әлемді сүй­сіндіріп таңғалдырған Астана! Дүниеге даңқы жайылған Астана! Қазақ елінің бағын жандырған Астана!
Сол қазақ елінің бүгінгі елордасы – Ас­тана қаласы жайлы сыр толғар көңіл түк­пірінде жатқан осы бір үш ауыз сөздің дәл осы бір сәтте жүректен үн қатарын қайтер­сіз! Тарихтың аса бір қысқа мерзімінде бой көтеріп, әлемнің әрідегі замандарында, яғни ғасырлардан асып түсер кезеңдерден бері астана болып келе жатқан талай да талай бір әйгілі де әйдік қалалардан өзінің сәні мен салтанатын да, сәулеті мен дәулетін де асырып, адамзаттың бүгінгі өркениеті алдындағы өзінің тарихи миссиясын да адал атқарып, адам баласының жақсылықтар мен татулық, бірлік пен ынтымақтастық және бауырмалдық үмітінің шырағын жағып келе жатқан Астана даңқы әлемге қазақ елінің даңқы болып жайылғандығын да айтқан ләзім.
Дүние жаралғалы әлемде бірде-бір мем­лекеттің астанасы қатарымен төрт мәр­те әлем діндері лидерлерінің басын қо­сып көрмегені ақиқат. Міне, сол басқосулар 2003 жылдан бері біздің Астанамызда өтіп келеді. Ұлы тарихтың осы бір ұлы жүгін лайықты көтере білген Астананың бүгінгі күні айдай әлем алдындағы жүзі жарқын, мерейі үстем, абыройы асқақ екендігі тағы да бар. Астана қаласымен аспандаған дүние алдындағы абыройымыз және де осы бір жарқын да үстем мерейіміз үшін біз ең әуелі бір ғана адамға – Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымызды айтар едік.
– Дүние қайыра бір бөліске түсіп, бо­дандықтың бұғауынан басымызды енді шығарып ала бастаған тұста, ес жиналып, етек жабылмай жатқан шақта астананы ауыстырмақ түгілі мінген атыңнан ауып түсіп қалмауды ғана ойлар қилы да қиын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Алматыдағы астананы Арқадағы Ақмола­ға көшіру жөніндегі ойына әуелде бүкіл ел шошына қарады. Сенбеді, сенгілері келмеді. Ал енді Сарыарқа төсіндегі тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі астанасы – Астана қаласына ел тәуелсіздігінің өткен кезеңдердегі орын­тағына шығып қарайық та, көз салайық. Айтарға сөзің жоқ ! Таңдай қағып сүйсінесің де, тағы да сол Елбасының өз қолымен өз елінің жаңа елордасын салған, салып та жатқан тағы бір көзсіз ерлігін мойындап, соған бас иер едіңіз!, –деген бұдан бұрын да бір айтқан пікірімізді қайталай оты­­рып, тағы да осы ақиқатқа жүгінгенді жөн са­надық.
– Біз Алатаудың бауырындағы Алма­ты­ға сыя алмай емес, Алматыны қыя алмай кетіп барамыз, – деген Елбасының осы бір ауыз жүрекжарды сөзі ел мен жер тағдыры үшін басын бәйгеге тігіп бара жатқан ердің жүрек лүпілі мен жауапкершілігіндей сезілері бар.
«Менің талай жылым Алматымен бай­ланысты. Осында алғашқы немерелерім дүниеге келді. Бұл қала менің өзіме де, от­ба­сыма да жанымдай жақын» деп тұрған Елбасының («Еуразия жүрегінде», 19-бет) перзенттік адал көңілі сол адалдықпен тә­уелсіз елдің де жаңадан қалыптаса бастаған тағдырын да кеңінен пішуге мәжбүрледі.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 935 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
6 шілде Астананың туған күні
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/shygarma/507-astana_otan.html
© www.ZHARAR.com
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1494 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
6 шілде Астананың туған күні
Бұл мереке республикалық маңызы бар мерекелер қатарына жатады. Жыл сайын шілде айының алтысында аталып өтеді. Дәл осы күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туылған күні болады. Астана қаласы жас қала болса, оның төл мерекесін атап өтіп жатқанымызға көп бола қойған жоқ. Астан күнін мереке етіп бекітіп, республикалық маңызы бар мерекелердің қатарына қосқан күн — 2008 жылдың 18-ші маусымы. Осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірауыздан «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңын мақұлдады. Соған сәйкес, жыл сайын 6-шілде “Астана күні” мерекесі болып бекітілді. Ал бұрындары, 1998 жылдың 10-маусымында Қазақстанның жаңа елордасының тұсаукесері өтті. Осы күн 2006 жылға дейін Астананың туған күні ретінде атап өтіп келген болатын.
Астана күніне орай Қазақстанның барлық қалаларында мерекелік шаралар өтеді. Әсіресе, Астана қаласында жаңа ғимараттар мен халық игілігіне арналған түрлі нысандар пайдалануға беріледі, түрлі мәдени-тарихи іс-шаралар атқарылады. 2010 жылдан бері Астана күніне орай атақты кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтың ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ”Астана” халықаралық экшн-фильмдер фестивалі өтіп жатыр.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1580 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)


1-10 11-20 21-26