[inetvse ]

Лексика, лексиканың жіктелуі
Лексика, лексиканың жіктелуі
Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Грек тілінің lexis - "сөз" және logos - "ілім" деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.
Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның қзгеруі, ауысуы),этимология(сөздің шығу тегі,төркіні, ең алғашқы мағынасы), фразеология (тұрақты сөз тіркестері), лексикография (сөздерді жүйелеу эәне сөздік жасау ерекшеліктері)деп аталатын салалардан тұрады.

Сөз және мағына
Тіл-тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады.Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса, мағынасы - ішкі мазмұны. Бұған қарап барлық сөздерде мағына болады деуге де болмайды. Тілде мағынасынан айырылған сөздер де кездеседі.Шылау, көмекші сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына үстейді.
Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан,сапа,мөлшер,көлем,шама,қимыл,әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Сөздердің мағынасы - тілдің ұзақ даму кезендерінің нәтижесі.мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша,үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздіктерде көрсетіледі.
Категория: Қазақ тіліндегі мақалалар | Добавил: Asia (26.04.2014)
Просмотров: 1148 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: