[inetvse ]
Всего материалов в каталоге: 46
Показано материалов: 43-46
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Материя
Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі.
Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.
Антик. философтар М-ны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалект. натурфилософияның негізін қалады.
М. мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді.
Аристотель М-ны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің М-ны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.
Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында М-ны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және М. ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, М. дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. М. анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. М-дан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады.
Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — М. мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. М. ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.
Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша М-ның маңызды қасиеттері:

сақталу мен өзгеру (қозғалыс),
үздіктілік пен үздіксіздік,
кеңістік пен уақыт.
Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. М-ның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: М-ның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2124 | Қосқан: Asia | Уақыты: 03.08.2013 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
В данной статье я хочу вам рассказать как легко можно определить мошенника по поведению, жестам, глазам, движениям и т.д.
Менің мақалаларым | Қарағандар: 523 | Author: Игорь | Қосқан: moshenniks | Уақыты: 31.05.2012 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Оффшор - нужно ли это нам?
Менің мақалаларым | Қарағандар: 458 | Қосқан: Asia | Уақыты: 24.10.2011 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Инвестиционные паевые фонды ПИФы
Менің мақалаларым | Қарағандар: 421 | Қосқан: Asia | Уақыты: 24.10.2011 | Пікірлер (0)


1-7 8-14 ... 29-35 36-42 43-46