[inetvse ]
В категории материалов: 26
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 »


Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері
30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 4866 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Халықтың тылдағы еңбегі
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.

Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2986 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Қазақстан 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезеңінде Солтүстік Қазақстан жерінде жасақталған әскери және олардың ірі шайқастарға қатысу
Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, бүкіл еліміздегі сияқты, Солтүстік Қазақстанның ұлдары мен қыздары да ата-ана туған туыс, дос-жарандарымен қош айтыса отырып отан ананы фашизм апатынан қорғау үшін майданға аттанды. Соғыстың алғашқы екі жылының өзінде ақ облыс әскери комиссариаттары 70 мыңнан атсам адамды Қызыл Армия қатарына шақырып үлгерді. Олар соғысқа не үшін бара жатқанын терең түсінді және басқыншы жауды жеңетіндеріне кәміл сенді.

Осынау солтүстік қазақстандықтар барлық майданда болып, Ұлы Отан соғысындағы аса ірі шайқастарға, атап айтқанда Брест пен Смоленск түбіндегі, Москва мен Ленинград түбіндегі, Сталинград, Тула, Орелдағы, Курск доғасы мен Днепр, Белоруссиядағы, Шығыс Европа елдері мен Германиядағы, Манджурия мен Қиыр шығыстағы тағы басқа сұрапыл шайқастардың бәріне қатысты. Қурлықта да, теңізде де, әуеде де ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Ұлы жеңіске үлкен үлес қосты. 17 адам Совет одағының Батыры атағына не болды

Алайда бұл соғыстың бүкіл еліміз сияқты, солтүстікқазақстандықтарға да әкелген қайғы-қасыреті аз болған жоқ. Ол сан мыңдаған адамның жүрегіне жазылмас жара салды. Облыс бойынша 32 мың жауынгер соғыстан қайтып оралмады. Гитлерлік Германияның елімізге тұтқұйылдан соғыс бастағанын ести сала бүкіл кеңестер одағының халқы бар күш-жігерін Отан қорғау ісіне жұмылдырды.

1941 жылдың маусымында – ақ Петропавл қаласының барлық өндіріс орындарында, құрылыс мекемелері мен оқу орындарында мыңдаған еңбекшілердің қатысуымен митингілер мен жиналыстар болып өтті. Петропавлдықтар еліміз халықтары мен бірге қатыгез жаудан өз Отандарын қорғауға көтерілді.Сол уақытта болып өткен бір митингіге қатысушылардың қабылдаған шешімінде: «Біз партия мен үкімет шақыра қалған сәтте-ақ, станоктардағы жұмыс орнымызды қолымызға қару алып, әскери қызметке ауыстыруға дайынбыз!», - деп жарияланды

Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ қалалық әскери комиссариатқа жүздеген ерікшілерден майданға аттандыру туралы өтініштер келіп түсті. Бірінші болып Қызыл Армия қатарына әскери мамандығы бар, тәжірбиелі: запастығы командирлер мен саяси жетекшілер, коммунистер мен комсомол мүшелері шақырылды. Бір аптаның ішінде Петропавл қаласынан әскери авиацияға, танк және жаяу әскери бөлімшелеріне мыңдаған адамдар аттанып кетті. Қалалық партия мен комсомол комитеттерінің жолдамасымен көптеген коммунистер мен комсомол мүшелері әскери училищелер мен полк жанынан құрылған даярлау мектептеріне оқуға жіберілді.

Петропавл қаласында жаңадан әскери бөлімшілер құрамалары құрыла бастады. Тез арада жеке атқыштар батальоны құрылып, іле-шала майданға аттандырылды.

Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алды. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мың самолет болды Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық кезінде көз жұмды. Осындай қиын-қыстау күн таяп, Ленинград қаласына қара бұлт төнген кезде Ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барады. 310 атқыштар дивизиясы 1941 ж. шілде айында Ақмолада құрылған. Ал 314 атқыштар дивизиясы Петропавлда құрылып, қалада құрылған ең ірі құрама болып тарихта қалды. Дивизияның құрамына негізінен Петропавл қаласының өкілдері алынды. Өнеркәсіп пен транспорт орындары дивизияны материалдық ресурстармен, транспортпен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Дивизия құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары болды. Дивизия басшылығы мен саяси жетекшілер қалалық партия ұйымдарының көмегімен жауынгерлердің әскери жаттығуларына, саяси шыңдалып, патриоттық тәрбие алуына көп күш салды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді.

Дивизия штабын – полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін – А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бұлар тәжібиелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықтан өткен жандар еді. Дивизияның әскери комиссары болып М.М.Мартыненко тағайындалды.

Ал оның саяси бөлімінің бастығы И.Куценко болды. Құрама штабының саяси бөлімінде және басқада әскери бөлімдерде саяси-тәрбие жұмысын жолға қоюға облыстан партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомолецтер ерекше рөл атқарды. Жергілікті партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсомолецті жіберді Бұлар әскери тәртіпті нығайтып жауынгерлерді патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу жолында орсасан зор жұмыстар жүргізді. Советтік Отанды қорғаудағы әр жауынгер мен командирдің міндеттерін терең түсіндіріп, оларды ауыр жылдарға төтеп беруге баулыды. 1941 жылғы 4 тамызда дивизия жасақталып болып, ендігі жерде жауынгерлерді әскери өнерге үйрету, соғыс жағыдайына жедел жаттықтыру жұмысы қызу қолға алынды. 1941 жылдың тамыз айының аяғында 314 атқыштер дивизиясы Солт-Батыс майданға аттандырылды. Тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты.314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветаевтің 7-армиясының құрамына қосылды. Бұл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жалғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға ұмтылып қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега-Ладога мойнағы тұсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде Россияның, көп жерін олжалағысы келіп еді. Бұл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога көлінің оңтүстігінде шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтасы- неміс әскерімен қосылғысы келді. Олардың бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шұғыл шаралар қолданды.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2664 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Қазақстан Ұлы Отан соғысы
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.

Соғыстың басталуы.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2845 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Германияның КСРО-ға шабуылы. 22 маусым, 1941 ж.
Гитлер Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны (Кеңес Социалистік Республикалар Одағы) жаулап алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барба­росса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт - Ленинград,екінші бағыт - Мәскеу, үшіншісі - Киев қалалары. Соғыстың түпкі мақсаты - социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190 дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді.

Соғыс қарсаңында КСРО-ның әскер қатарында 5,3 млн адам болды. Батыс шекарада 2,7 млн адам, 170 дивизия, 147 танк және 1510 самолет, 375 әр түрлі зеңбіректер болды. Осы кезде Кеңес Армиясының қатарын тазарту мен репрессия кең етек алды. Кеңес Армиясының қатарындағы 5 маршалдың үшеуі репрессияға ұшырап (М.Н.Тухачевский, В.К.Блюхер, А.И.Его- ровтар), атылды. 1937-1938 жылдардағы репрессия барысында 40 мың әскер басшылары тұтқындалды. 1941 жылы соғыс басталарда әскери және саяси басшылардың 70-75%-ы жаңадан келген, тәжірибелері жоқ жас адамдар болды.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 8242 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).

1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және өндіріс орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 2288 | Қосқан: Asia | Уақыты: 01.05.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Лексика, лексиканың жіктелуі
Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Грек тілінің lexis - "сөз" және logos - "ілім" деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.
Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның қзгеруі, ауысуы),этимология(сөздің шығу тегі,төркіні, ең алғашқы мағынасы), фразеология (тұрақты сөз тіркестері), лексикография (сөздерді жүйелеу эәне сөздік жасау ерекшеліктері)деп аталатын салалардан тұрады.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 1147 | Қосқан: Asia | Уақыты: 26.04.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Төр
Қазақ басылымдарының қатары сиреп жабылып жатқанымен жарық көріп бастағаны да бар. Соның бірі – республикалық қоғамдық-саяси «Төр» журналы. Жуырда Елордадағы Журналистер үйінің Мәжіліс залында республикалық журналдың таныс­тырылымы өтті.

Тұсаукесер рәсіміне Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының директоры Сұлтан Сраилов, «Рауан» баспа үйінің бас директоры, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жаңа басылымның бас редакторы Олжас Сәндібектің айтуынша, қалың оқырманға әзірге екі мың данамен жол тартқан үнжария негізінен ұлт мүддесін, тұлғалар бейнесін, тарихтың ақтаңдақ қатпарларын ай­шықтауды көксейді. «Төрдің» бетінде қазақ халқының қамын жеген ата-баба­лары­мыздың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптейміз, тәуелсіз мем­ле­кетіміздің бірлігі мен экономикасының тұрақты дамуына, ұлтаралық татулығына, ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын, ел үшін туған арда азаматтардың еңбегін алаш жұртына паш етеміз. Әу бастағы және алдағы мұратымыз да осы. Замандастарымыздың жарқын істері мен шыққан белестері де журнал ұжымының назарынан тыс қалмайды» дейді О.Сәндібек.

Оқырман «Төр» журналының екінші санынан қазақтың ақырғы ханы һәм батыры Кенесары хан туралы Мағжан Жұмабаевтың толғауын, сонымен қатар, Сидней олимпиадасының чемпиондары Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбыраймовқа арналған ақын Бауыржан Берікұлының жырларын, есімі елге белгілі кәсіпкер, «Құрмет» орденінің кавалері Оралбек Ботпайдың сыр-сұхбатын және тағы басқа құнды дүниелерді оқи алады. «Төрелігін айтыңыз», «Төресөз», «Төрдің көркі», «Төрлетіңіз», «Төрге лайық», «Төртұлға», «Төрдің талқысы», «Төрдегі толғам» атты айдарлары бар басылымның келесі нөмірі қазақ өнерінің майталманы Құрманбек Жандарбекұлына арналмақ екен. Журналдың тұсаукесеріне жиылған қауым «Төр» журналы халықтың көңілінің төрінен орын алатын басылым болсын деген ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 681 | Қосқан: Asia | Уақыты: 23.02.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Төрт мезгіл сыр шертеді...
Сүйіктісін асыға, сабырлы кейіппен күте жерге Қыс кіріп келеді. Жүзінде күлкі болады… Сүйіктісін көремін-ау деген үмітпен асықтығой, шіркін! Жайдары мінезін танытты… жерде аздап күн жылып тұрады. Уақыт өтті, күткен ғашығы әлі келмеді. Ашуға булықты, жүзінің суығы сондай аққан жасы, қар болып жерге түсті. Келіп қалар деген үмітпен ашулы жүзін аздап күлімсіретті. Келмеді… Қаһарлана ашу шақыра бастады, қатты күрсінді… күрсінісі жерге жел болып келді, ашу үстіндегі күрсінісі боранға ұласты. Еңк-еңк жылады, аққан жасы қар болып жерге домалады. Аздап тағы күлімсіреді, жердегі қар ери бастады… шыдамы таусылып, жүзін қайта мұң басты, жерде қатты аяз болды. Еріген жасы мұз болып қатты… жер тайғақ болды. Сүйіктісін сарыла күткен Қыс уақыт жақындаған сайын алып-ұшып, жүзіне күлкі үйіріле бастады… жерде күн шықты. Тағыда көре алмай қаламынба деген ой келді… түрі бұзылды, ашуын сілкіп-сілкіп жіберді… жерге қайта қар жауды...үһ! деп қатты күрсініп еді… жерде жел тұра бастады. Көктемді есіне алып күлімсіреді, өткен жылы көре алмай кеткен өкініші қайта оралып, жерді қайта аққан суық жасымен көмкеріп тастады. Осылайша сүйіктісін жолықтыра алмай Қыс жолымен кете барды…
Сүіктісін сағынған Көктем алып-ұшып жүгіріп келеді… жүзінде күлкісі бар еді… бірақ сүйіктісіне жете алмады… тек Қыс қалдырған суық жасын қолына алып, бауырына басып өксіп-өксіп жылап алды. Азда болса сүйіктісінен қалған қарды көктемнің көз жасы шайып жіберді. Сүйіктісінен қалған естелігін жоғалтып алғанына қатты өкінді...үсті басы быт-шыт болды… жер лайланды… күрсініп әбден жылады… жерде күн күркіреп, жауын жауды. Аздан соң есін жыйды...Қысты іздеп барамынғой… мүмкін жолығармыз… Сондықтанда өзімді күтейін деп әрлене бастады. Сұлуланды, тез-тез сүйіктісінің жүрген жолымен қуып жетпек болды. Асықты. Әлсін-әлсін жылап алады… жерде жауын жауады. Бойын қайта түзеп, қайта әрлене бастайды… көктемнің аққан жасынан жер көктеген үстіне көктейді… Осылай сұлуланып сүйіктісінің ізімен кете береді… жерде жылу пайда болады.
Жаз Көктемнің сүйіктісінің жолымен асығып бара жатқанын көреді. Қуанады, ақ жол тілеп шығарып салады… жерде күн шуағын шашып ыси бастайды. Үнемі күліп жүретін Жаз, Көктемнен қалған әдемі естеліктерді жылытып, одан сайын құлпырта түседі. Сүйікті Күзді сағынып, күтіп жүреді. Күз келеді деп айналаны әрлейді… жерде жемістер пісе бастайды, күн шуағын аямай төгеді. Төзімі таусылады, еңкілдеп жылап алады, Жаздың аққан жасы жерге ақ жауын болып тамшылайды. Әбден шаршайды, әлсін-әлсін күрсініп қояды… күрсінісі жерге самал жел боп келеді. Осылайша асыға күткен сүйіктісі Күздіңде келер уақыты таяп қалады. Қуанады, бірақ көре алмай қаламын-ау деген өкініші жерге аздап салқындық сыйлайды. Сонымен артына жәймендеп көз тастап кетер жолымен жылжи береді.
Күз асығып Жазды көремін деп жүгіріп келеді. Өкініштісі, тек кетіп бара жатқан Жаздың арқасынан қарап, қол бұлғаған күйі қалады. Қарап ұзақ тұрады. Тым болмағанда көрдімғой оны, деп сағынышты жүзіне күлкі үйіріледі. Жерде Жаздан қалған аздаған жылулық сақталып тұрады. Сүйіктісен қалған естелікті бұзғысы келмей сүйсініп ұзақ жүреді. Дегенменде шыдамы бітіп, кеудесін өкініш кернеп жылап қоя береді. Күзден аққан жас жерге сел болып ағады. Қатты күрсінеді… жердегі жылу бір пәсте таусылып, салқын түсе бастайды. Өксігін баса алмай Күз ұзақ жылайды, ашуға булығады… жерде қатты жауын жауып, сұрланып, жел тұрады. Буырқанып, бұрқан-талқан болған Күздің көзінен жас кетпейді.Осылайша өзінің сүйіктісінің жолымен кете барады… Осылайша ғашықтар көрісе алмай әлемді айналып жүре береді.
Әр мезгіл өзінің сағынышына қарай сыр шертетін сияқты көрінді мен үшін. Сондықтан тек өз ойыммен қысқа етіп жазып шықтым. Биылғы Қыс сүйіктісін қатты-қатты сағынған секілді болдыма? Қалай өзі? Ашуы әліде қайтар емес.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 619 | Қосқан: Asia | Уақыты: 23.02.2014 | Пікірлер (0)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман!!! мақаланызды,өз пікірінізді қалдырыңыз!!!
Қазақша мақалалар саны 200 мыңға жетпек
«2011 жылдың желтоқсанында Википедиа интернет-энциклопедиасында қазақша мақалалар саны 200 мыңға жету керек» деп мәлімдеді «Wikibilim» қорының құрылтайшысы Кенжеханұлы Рауан «Википедиа» энциклопедиясының қазақша бөлімін дамытуға арналған бүгінгі пресс-конференцияда.

«Бұл жобаның мақсаты – демеушілердің, әріптестердің көмегіне жүгіне отырып, қазақша мақалалар санын биылғы жылдың аяғына қарай 200 мыңға дейін жеткізу. Өкінішке орай, осы энциклопедиядағы қазақ тілді мақалалар саны кенже қалуда. Мәселен, 281 тілде жазылған мақалалардың жалпы саны 18 миллионнан асып отыр. Соның ішінде 3,5 миллионы ағылшын тілінде жазылса, 700 мыңнан астам мақала орыс тілінде берілген. Сол себепті осы жобаны қолға алуды жөн көрдік» дейді «Wikibilim» қорының құрылтайшысы.

Бұл конференцияға Қ.Р. Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «Wikimedia Foundation inc» қорының қамқорлық кеңесінің құрылтайшысы Тинг Чен, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының басшысы Жақып Бауыржан және «Wikibilim» қорының құрылтайшысы Кенжеханұлы Рауан қатысты.

Жобаның дамуына байланысты елімізде көптеген шаралар атқарылып келеді. «Осы шаралардың нәтижелі болып, мақсатқа жету үшін бірінші кезекте бізге инвестиция емес, технология емес, ең алдымен білімді, білікті ақпаратқа қол жететін азаматтар керек, ақпараттық қоғам керек. Ал оны құру үшін міндетті түрде біз технологиялар арқылы әр түрлі білімге қолжетімділік жасау керек. Орыс тілімен салыстырғанда қазақ тіліндегі ақпарат саны 100 есе кем. Жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қорғаған дипломдарын, ғылыми жұмыстарын салып, жұмыс жүргізу керек » дейді Қ.Р. Мәжіліс депутаты. Айта өту керек, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясы басшысы Жақып Бауыржанның айтуынша, аталмыш редакция Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының 10 томдығының электрондық нұсқасын беріп, оны Википедия энциклопедиясына салуға келісіп отыр.
Сондай-ақ конференцияда дүниежүзі бойынша кіріп қарайтын адамдар санына байланысты 4-ші веб-ресурс болып есептелетін бұл жобаның қаржы мәселесі де сөз болды. Төраға Тинг Ченнің айтуынша, бұл коммерциялық емес және жарнамадан ада жоба болғандықтан, қажетті қаражаттың барлығы пайдаланушылардың жарнасынан келіп жиналады. Бұлардың басым бөлігі 5 долларға дейінгі кіші жарналар.

«Википедиа өз деңгейінде қызмет атқару үшін Заңға біршама өзгерістер енгізу қажет,- дейді Мұрат Әбенов- «Wikipedia» «Сreative Commons» жобасымен жұмыс жасайды. Ол міндетті түрде авторлық құқықтарды қалай сақтау керек және ашық, тегін және тегін емес пайдаланатын түрлерін де қарастырады. Қазіргі таңда Парламентте авторлық құқық туралы заң қарастырылып жатыр».

Бұл авторлық құқық туралы мәселе пайдаланушылардың Википедиаға мақала енгізудегі қосымша фото-сурет материалдарын қолдануына да қатысты. «Егер суретті өзіңіз түсірсеңіз, оны енгізуге құқылысыз. Ал өзге желілерден көшіріп алсаңыз, ол суретті енгізуге құқығыңыз болу керек» дейді Тинг Чен мырза.

Естеріңізге сала кетейін, Жобаның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Сондай-ақ пайдаланушылар арасында өтетін байқауға «Nokia» компаниясы демеушілік жасауға келісті.

Википедия – негізі 2001 жылы қаланған көптілді еркін және тегін көпсалалы интернет-энциклопедия. Википедия интернет-энциклопедиясының басты ерекшелігі – энциклопедияға мақала жазудың жеңілдігі. Яғни энциклопедия сайтында тіркелген немесе тіркелмеген кез келген интернет пайдаланушы жаңа мақала бастай алады немесе бұрын жазылған мақаланы өңдей алады. Википедиа әлемнің барлық түкпірінен ақпарат қосуға ниеттенген ерікті жандардың көмегімен 281 тілде жазылуда. Қазір энциклопедияда барлық тілдегі мақалалар саны 18 миллионнан асты. Википедиа – сайтқа кіретін адамдар саны жағынан әлемнің алғашқы бестігінде – оған ай сайын 400 миллион адам кіріп оқиды. 2011 жылдың қаңтар айында Джимми Уэйлс пен Ларри Сэнгер бастаған Векипидиа бүгінгі күні интернеттегі ең танымал және ең ірі анықтамалық ресурс болып саналады.
Қазақ тіліндегі мақалалар | Қарағандар: 766 | Қосқан: Asia | Уақыты: 23.02.2014 | Пікірлер (0)


1-10 11-20 21-26