[inetvse ]

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Германияның КСРО-ға шабуылы. 22 маусым, 1941 ж.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Германияның КСРО-ға шабуылы. 22 маусым, 1941 ж.
Гитлер Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны (Кеңес Социалистік Республикалар Одағы) жаулап алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барба­росса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт - Ленинград,екінші бағыт - Мәскеу, үшіншісі - Киев қалалары. Соғыстың түпкі мақсаты - социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190 дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді.

Соғыс қарсаңында КСРО-ның әскер қатарында 5,3 млн адам болды. Батыс шекарада 2,7 млн адам, 170 дивизия, 147 танк және 1510 самолет, 375 әр түрлі зеңбіректер болды. Осы кезде Кеңес Армиясының қатарын тазарту мен репрессия кең етек алды. Кеңес Армиясының қатарындағы 5 маршалдың үшеуі репрессияға ұшырап (М.Н.Тухачевский, В.К.Блюхер, А.И.Его- ровтар), атылды. 1937-1938 жылдардағы репрессия барысында 40 мың әскер басшылары тұтқындалды. 1941 жылы соғыс басталарда әскери және саяси басшылардың 70-75%-ы жаңадан келген, тәжірибелері жоқ жас адамдар болды.

Сталин Ұлы Отан соғысы қарсаңында көптеген қателіктер жіберді. Біріншіден, Гитлер КСРО-ға шабуыл жасайды деп ойламады. Екіншіден, соғыс қарсаңында шет елден келіп жатқан ақпарат мәліметтеріне сенімсіздікпен қарады. Соғыстың баста- луына бір апта қалғанда 1941 жылғы 14 маусымда ТАСС-тың «Германия КСРО-ға соғыс ашады деген өсек ешқандай шын- дыққа жатпайды» деген мәлімдемесі жарияланды. Кеңес Армия- сының батыс шекарадағы бөлімдері толық әскери дайындыққа келтірілмеді. Гитлер Сталиннің сеніміне толық кіріп алғаннан кейін, соғысты бастауға кірісті.

1941 жылы 22 маусымда таңертеңгі 3 сағат 30 минутта, Германия шабуыл жасаспау туралы Кеңес-Герман шартын бұзып, соғыс жарияламастан КСРО жеріне опасыздықпен басып кірді. Баренц теңізінен Қара теңізге дейінге аралықта орасан зор шайқас басталды.

Жау соққысына бірінші болып шекарадағы 485 застава қарсы тұрды. Бұл застава Белоруссияның батысында орналасқан болатын. Жау күштерінің басымдығына қарамай, олардың бірде-біреуі бұйрықсыз өз орындарын тастап кетпестен, соңғы қарулары қалғанша шайқасты. Олардың бәрі қаза болды. Брест қаласының қорғанысы кеңес жауынгерлері ерлігінің жарқын мысалы болды. Жан-жақтан түгел қоршауда қалған олар азық- түліксіз, сусыз бір ай неміс-фашист әскерлерінің шабуылдарын тежеп тұрды. Олар: майор П.М.Гаврилов, капитан Зубачев, полк комиссары Е.М.Фомин, қазақстандық Ө.Жұматов пен Е.Фурсовтар еді. Кеңес әскерлері кескілескен табанды күрес жүргізе отырып, шегінуге мәжбүр болды.

22 маусым күні күндізгі сағат 12-де еліміздің барлық радиостанциялары Кеңес үкіметі атынан сөйлеген В.М.Моло- товтың кеңес халқына үндеуін таратты. Үндеуде фашистік Германияның тосыннан соғыс ашқанын, оның түпкі мақсаты кеңес халқын құлдыққа көндіру екенін айта келіп, «Біздің ісіміз адал, жау жеңілуі керек, жеңіс біздікі» деп аяқтады. Елдің батыс бөлігінде соғыс жағдайы енгізілді. КСРО халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП(б) Орталық Комитеті 1941 жылы 29 маусым- дағы мәлімдемесінде кеңес халқын еліміздің әрбір сүйем жерін қорғап қалуға, майдандағы әскерлерге жан-жақты көмек ұйымдастыруға шақырып, елдің бүкіл өмірін майдан мүдделеріне бағындыру керек екенін айтты. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген үндеу бүкіл көпұлтты кеңес халқының жауынгерлік ұранына айналды.

1941 жылы 30 маусымда КСРО-ның соғыс жылдарындағы барлық өкімет билігі шоғырландырылған мемлекеттік төтенше жоғарғы органы - Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (МҚК) құрылды. Бұған И.В.Сталин (төрағасы), В.М.Молотов (төраға- сының орынбасары), К.Е.Ворошилов, Г.М,Маленков, Л.П.Берия, Л.М.Каганович кірді. Кейін Н.А.Булганин, Н.А.Вознесенский,

А.И.Микоян енгізілді. МҚК қарулы күреске стратегиялық басшылықты Жоғарғы Бас қолбасшы Ставкасы арқылы жүргізілді. Бас Ставканы И.В.Сталин басқарды.

1941 жылы 3 шілде күні И.В.Сталин радио арқылы сөз сөйлеп, соғыстың алғашқы күндеріндегі қиындықтарды, кеңес әскерлерінің шегіну себептерін түсіндірді. Елдің экономикасын соғыс жағдайына көшіру үшін 1941 жылы 24 маусымда БКП(б) Орталық Комитеті Саяси бюросының шешімі бойынша батыс аудандардағы өндірісті шығыс аудандарға көшіру (эвакуация) жөніндегі Кеңес құрылды, оның төрағасы болып Н.М.Шверник тағайындалды. 27 маусымда БКП(б) Орталық Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Адам құрамы мен бағалы мүлікті көшіру және оларды ұйымдастыру тәртібі туралы» қаулы қабылдады. 1942 жылдың қаңтар айында шығыс аудан- дарға 1523 өнеркәсіп орындары, оның ішінде 1360 соғыс өнер- кәсіп орындары көшірілді. Осы өнеркәсіп орындарының көбі Қазақстанға да көшірілді. 1941 жылы желтоқсан айында Лу­ганск қаласынан көшірілген өнеркәсіп орындарының негізінде құрылған Алматы ауыр машина жасау заводы алғашқы өнім- дерін соғыс майданына жөнелтті.

БКП(б) Орталық Комитеті 1941 жылы шілдеде «Жау әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» арнаулы қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде жау басып алған барлық аймақтарда астыртын ұйымдар мен партизан құрамдарының кең жүйесін құру жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыс кең етек алды. Жау тылында бүкілхалықтық соғыс өрістеді.

Кеңес халықтарының жауға қарсы күресте Отан сүйгіштік сезімін тудыратын плакаттар мен әндер көптеп шығарылды. Сондай плакаттың бірі - И.Тойдзенің «Отан-ана шақырады» («Родина-мать зовет»), композитор А.Александров пен ақын В.Лебедев-Кумачев шығарған және халық гимніне айналған «Қасиетті соғыс» («Священная война») әні кеңес халықтарын жеңіске шақырып, жаңа рух беріп отырды.

Антигитлерлік бірлік. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін КСРО өз жағынан фашистік Германияны жеңу үшін одақтастар табуға күш салды. АҚШ және Ұлыбритания басшылары егер Фашистік Германия соғыста жеңген күнде, өз елдеріне тікелей қауіп төніп, Германияның жаулап алуы мүмкін екенін түсінді. Сондықтан Германия мен оның одақтастарына қарсы бірігіп, соққы беру арқылы дүниежүзін фашизм қаупінен сақтап қалу керек екенін түсінді. Антигитлерлік бірлік құру алдында АҚШ және Ұлыбритания басшылары Ф.Рузвельт пен У.Черчилль КСРО халықтарының Германияға қарсы соғысына «бұл соғыс азаттық және антифашистік соғыс» деген анықтама берді. Мұндай анықтама беру антигитлерлік бірліктің құрылуына әкелді. У.Черчилль 1941 жылы 22 маусымда радио арқылы сөз сөйлеп, «Коммунизмге қарсы болған адамның бірі мен болатынмын... бірақ қазіргі соғыс менің ойымды кейінге қалдырды, Ресейге төніп отырған қауіп ертең АҚШ пен Ұлыбританияға төнеді. Орыс халқының батыл қарсылығы Отан үшін болып жатыр. Ал Отанын қорғау әрбір адамның ерікті және азаматтық борышы, бұл барлық халықтардың басынан өтетін қасиетті іс» десе, АҚШ президенті Ф.Рузвельт 24 маусым 1941 жылы «Гитлерден қорғану біздің елдің алдындағы қасиетті міндет, тәуелсіздікті қорғау фашизмге қарсы соғысып жатқан елдердің ғана қасиетті борышы болып қоймай, барлығымыздың мақсатымыз болуы тиіс... » деген болатын. Олар АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерінің атынан КСРО-ға көмектесуге дайын отырғандарын білдірді.

1941 жылдың 12 шілдесінде Ұлыбритания Германияға қарсы соғысып жатқан КСРО-ға көмектесу үшін ағылшын-кеңес ке- лісіміне қол қойды. 1941 жылы 2 тамызда АҚШ өз жағынан КСРО-ға экономикалық көмек көрсетуге келісті. Сөйтіп, антигитлерлік бірлік құрылды. Бұл бірлікке Чехословакия мен Польшаның Лондондағы эмиграциялық үкіметтері қосылды. Олар КСРО жерінде Германияға қарсы бірігіп күресу үшін өз әскерлерін құруға келісті.

Атланттық хартия. 1941 жылы тамыз айында Антлант мұхитының Канада жағасындағы бір қалада АҚШ президенті Рузвельт пен Ұлыбритания премьер-министрі Черчилль кездес- ті. Екі ел басшылары өз елдерінің соғысқа көзқарасы туралы біріккен мәлімдеме жасады. Онда АҚШ және Ұлыбритания «...басқа елдердің жерін басып алуға еш уақытта бармайды, сонымен қатар басқа халықтардың егемендік құқықтарын сыйлайды, әр ел өзін-өзі басқару құқықтарын сақтай отырып, демократиялық мемлекет құруға құқылы» - делінген.

АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері «соғыс аяқталғаннан кейін дүниежүзінде бейбітшілік орнату, фашизмді талқандау, ол үшін антигитлерлік бірлік құру мақсатында бар күштерін салады» деп сендірді. Атлант жағасындағы кездесудегі АҚШ және Ұлыбритания басшыларының мәлімдемесін КСРО үкіметі қолдады. Сөйтіп, Атланттық хартия мәлімдемесіне үш ұлы держава қосылып, антигитлерлік бірлік құрылды. Соғыс жылдарындағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы күрестегі мәселелерді үш ұлы держава елдерінің басшылары Рузвельт, Черчилль және Сталин ақылдасып, шешіп отырды. Кейіннен Атлантикалық хартияға, антифашистік, антигитлерлік бірлікке басқа елдер де кірді.

1938 жылы 27 қыркүйекте КСРО Шарль де Голль бастаған Францияның қарсылық ұйымын мойындады. КСРО гитлерлік Германияға және оның одақтастарына қарсы күресте француздарға жан-жақты көмек көрсететінін білдірді. Францияның тәуелсіздігін қалпына келтіру үшін фашистік Германияға қарсы бірігіп, күресті жалғастыратынына сендірді. Шарль де Голль бұған жауап ретінде КСРО және оның одақтастары жағында ортақ жауды толық жеңгенге дейін күресіп, КСРО-ға жан-жақты көмек көрсетіп отыратынын айтты. 1941 жылдың күзінде антигитлерлік бірлік жағында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция фашистік Германияға қарсы күреске шықты. Антигитлерлік бірліктің жалғасы ретінде және КСРО-ға нақты көмек көрсету қақында 1941 жылы қыркүйек-қазан айларында Мәскеу қаласында АҚШ, Ұлыбритания және КСРО сыртқы істер министрлерінің конференциясы өтті. Мәскеу конференциясында АҚШ және Ұлыбритания үкіметі лендлиз туралы заң бойынша КСРО-ға 3500 самолет, 4500 танк және азық-түлік көмегін көрсетуге келісті. КСРО лендлиз туралы заң бойынша 1939 жылдың 7 қарашасынан бастап көмек ала бастады. АҚШ пен Ұлыбританиядан көмек үш жолмен жеткізілді. Біріншісі, Солтүстік мұзды мұхит арқылы Мурманск және Архангельск қаласына, екіншісі, Оңтүстіктен Иран арқылы, үшінші жол Қиыр шығыстан Владивосток қаласына жеткізілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ірі шайқастар. Ле- нинградты басып алуға гитлершіл неміс әскерлерінің басшылығы айрықша саяси мән берді. Ленинград Ресей тарихында орны ерекше қала болғандықтан, оны қорғау кеңес басшылары үшін де аса маңызды еді. Жүздеген мың ленинградтықтар қысқа мерзімде жауынгерлермен қосылып, қаланы алынбас қамалға айналдырды. 1941 жылы 8 қыркүйекте Шлиссельбургті басып алған жау Ленинградты қоршап алды. Қала 900 күндік қоршауда қалды. Ұзаққа созылған қоршау қала халқын өте қиын жағдайда қалдырды. Қалада аштық басталды. 1941 жылы қараша-желтоқсан айларында қалада азық-түлік қоры бітті. Нанның бір күндік мөлшері жұмысшыларға 250 г болса, басқа қала халқына 125 г мөлшерінде берілді. Нанның сапасы адам айтқысыз болды, оған әр түрлі қосындылар араластырылып пісірілетін. Аштықтан, жалаңаштықтан, жау бомбасынан, атқылаудан Ленинградтың 600 мың астам тұрғыны қаза болды.

Кеңес халқы қоршауда қалған ленинградтықтарды әр уақыт- та қолдап отырды. Бірақ көмек беруге ешқандай мүмкін-дік болмады. Осындай қиын жағдайда қоршаудағы қала халқына «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңхат жолдаған Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаев өзінің қолдау ой-сезімін білдіреді. Кеңестік шығыс қыздарының ішінде бірінші рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақтың аяулы қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова ерлікпен шайқасып, қаза тапты.

Неміс-фашист әскерлерінің жазғы және күзгі үш бағыттағы стратегиялық шабуылы жүзеге аспай қалды. Гитлердің кеңес елін тез әрі оп-оңай жеңеміз деген ойы мәресіне жетпеді. Жау әскерлері Мәскеу қаласына жақындай түсті. Халық бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін ұранымен Мәскеу қаласын қорғауға шықты.

Мәскеу қаласы үшін болған шайқас. Смоленск шайқасынан кейін гитлершіл неміс әскерлерінің бас штабы Мәскеуге шабуыл жасаудың жасырын «Тайфун» деп аталатын жоспарын жасады. Фашистік Германия әскерлері Мәскеу қаласына ша­буыл жасауға зор дайындықпен келді. Олар Мәскеу түбіне 1 млн 800 мың солдаты мен офицерін, 1700 танкісін, 14 мың зеңбірек, 1390 самолетін шоғырландырды. Ал Кеңес әскерле- рінде 1 млн 250 мың жуық адам, 7600 зеңбірек, 990 танк, 677 самолет болды. Күш жағынан басымдық жау жағында болды. Фашист армиясының шабуылы 1941 жылы 30 қыркүйекте бас­талды. Мәскеуді қорғау бүкілхалықтық майданға айналды. «Бәріміз сүйікті Мәскеуді қорғауға аттанайық» деген үндеу- шақыру негізгі ұранға айналды. Мәскеуді қорғау Батыс майдан қолбасшысы Г.К.Жуковқа тапсырылды.

Жау өте көп шығынға ұшырай отырып, қазан, қараша айларында Мәскеуге жақындай түсті. Жау тым жақындап қалса да, 6 қараша күні Мәскеудегі Маяковский метросында Ұлы Қазан Социалистік революциясының 24 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 7 қарашада Қызыл алаңда әскери парад өткізілді. Әскерлер алдында И.В.Сталин сөз сөйледі, оның сөзі радио арқылы берілді. Парадтан кейін оған қатысқан әскер бөлімшелері Мәскеуді қорғау үшін бірден майданға аттанды. Мәскеуге тікелей қауіп төнгенімен, И.В.Сталин қаладан кеткен жоқ. Үкіметтің кейбір мекемелері Куйбышев қаласына көшірілді.

Фашистік әскерлердің Мәскеуге шабуылы 15-18 қарашада басталды. Мәскеу үшін шайқас Волокалам түбінде айрықша болды. Қазақстанда ұйымдастырған генерал И.В.Панфилов бастаған 316 дивизиясының әскерлері айтарлықтай соғыс қимылдарын жүргізіп 28 панфиловшылдар ерлік көрсетті. Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы, политрук В.Г.Клочковтар Дубосеково разъезі маңында ерлікпен қарсылық көрсетті. Клочковтың «Ресей кең-байтақ, ал шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу» деген сөздері тарихта қалды. 28 батыр- панфиловшылар ерлікпен қаза тапты, бірақ жауды Мәскеуге жіберген жоқ.

1940жылы 5-6 желтоқсанда Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылы басталды. Қарсы шабуылды Г.К.Жуков, И.С.Конев, маршал С.И.Тимошенколар басқарды. Кеңес әскерлерінің қуат- ты соққыларына тойтарыс беруге неміс-фашист әскерлерінің шамасы келмеді. Жау Мәскеуден 100-250 шақырымға дейін аласталды. Мәскеуге төнген қауіп жойылды. Фашистік басқын- шыларды Мәскеу түбінде талқандау - соғыстың барысында түбегейлі бетбұрыс болды.

Тынық мұхит аралдарындағы соғыс қимылдары. Мәскеу қаласын қорғау үшін шайқас қызып жатқан кезде, Жапония басшылары АҚШ-қа қарсы соғыс бастауға жасырын дайын- далып жатты. 1940-1941 жылдардағы Американ - Жапон келіссөздері нәтиже берген жоқ 1941 жылы 7 желтоқсан күні Жапонияның әскери-теңіз күштері тосыннан, ешқандай соғыс жарияламастан, Американың Тынық мұхиттағы Перл Харбор әскери-теңіз базасына шабуыл бастады. АҚШ жағы 18 ірі кемесінен, 8 линкор және 200 самолетінен айырылды. 7 желтоқсан АҚШ тарихында қаралы күн деп жарияланды. 1941 жылы 8 желтоқсанда АҚШ жапондарға соғыс жариялады. 1941 жылдың желтоқсан айынан 1942 жылдың наурыз айына дейін Жапония әскерлері Филиппин, Таиланд, Бирма, Малайзия, Сингапур, Индонезия елдерін жаулап алды. Сөйтіп, Жапония Тыныш мұхит аумағындағы елдерді жаулап алып, 3800 мың шаршы шақырым жерді, 150 млн адамды бағындырды.

Екінші дүниежүзілік соғыс барысында антигитлерлік бірлік нығайып, кең етек алды. 1942 жылы 1 қаңтарда Вашингтон қаласында 26 елдің қатысуымен конференция өтті. Конференцияға қатысушылар «Біріккен ұлттар декларациясын» бір ауыз- дан қабылдады. Соғыс жылдарында бірігіп күрес жүргізе отырып, жеңіске жету міндеттерін қойды. 1942 жылы 26 мамырда Лондон қаласында Кеңес-Ағылшын, 11 маусымда Ва­шингтон қаласында Кеңес-Америка келісімдеріне қол қойылып, КСРО, АҚШ және Ұлыбритания елдері антигитлерлік бірлікті нығайтып, фашистік Германия мен Жапонияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. 1942 жылы маусым айында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания елдері Еуропада екінші майдан ашуга келісімге келді. Бірақ екінші майдан ашу туралы уәделерін орындай алмады, КСРО халқы фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарын жалғыз жүргізіп жатты.
Категория: Қазақ тіліндегі мақалалар | Добавил: Asia (01.05.2014)
Просмотров: 8260 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: