[inetvse ]

Физика және техника Сынып
Физика және техника
XX ғасыр ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қаркынмен дамып келеді. Екіншіден, ашылған ғылыми жаңа-лықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен түрмысқа енгізіліп отыр.
Техниканың карышты дамуына физиканың косқан үлесі ора-сан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылу-ын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың катарында күнделікті түрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық қүралдар және баска да күрделі техни-калар бар.

XX ғасырдың ғылым мен техника сала-сындағы көптеген айтулы жетістіктері фи-зикаға тікелей байланысты. Тарихтан бел-гілі «Әлемнің жеті кереметіне» парапар, XX ғасырдың физика мен техникаға байланыс¬ты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.
1. Физиктер атом ядросындагы энер-гияны алу жолын тапты. Жер қойнауын-дағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондыктан атом энер-гиясының көзін табу - адамзат үшін айтар-лықтай оқиға болды.
2. XX гасырда адамзат физика мен техника жетістіктерінің аркасында га-рышка көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байкоңыр ғарыш ай-лағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзат-тың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байкоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің отан-дастарымыз - Т. Әубөкіров пенТ. Мүсабаев-тар да аса күрделі ғарыштық техниканы бас-қаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті.
Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сон-дыктан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұкыпты пайдаланып, үнемі корғап отыру біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен мін-дет, жауапты борыш.
3. XX гасыр гажайыптарының бірі -
лазердің өмірге келуі. 60-жылдардың ба-
сында осындай айтулы жаңалықты ашып
бергені үшін Ресейдің физик-ғалымдары
Н.Г. Басов пен A.M. Прохоровқа
АҚШ-тың физигі Ч. Таунске Нобель сый-
лықтары берілді.
Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, омірде де кең қолданыс табуда.
4. Адамзат ақыл-ойының XX гасырда-
гы қол жеткен ең ірі табыстарының бірі -
кибернетика және оған байланысты элек-
трондыц есептеуіш техникасы. Кибер-


нетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер тұр. Әлемдік дең-гейдегі кибернетика мен акпараттык (информациялык) технология салала-рындағы жетістіктер таңдай қақтырады.
Мысалы, «жасанды зерде» (интел-лект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ой-лау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр.
Міне, XX ғасырдың ең басты төрт гы-лыми-техникалык гажайыптары осын-дай. Бұлардың барлыгының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады. Олармен сендер келешекте кеңірек та-нысатын боласыңдар.
XX гасырдың үлесіне тиетін баска да тамаша физикалық-техникалық жаңа-лықтар толып жатыр (4-сурет). Олар-дың қатарында алып мүхит кемелері мен сүңгуір кайыктарын, үшақтарды, өнді-рістік және ауыл шаруашылық техни-каларын, т. б. атауға болады. Физика мен техниканың дамуына басқа ғылым-дар да игі әсерін тигізуде. Соның ішінде астрономия, математика, химия, биоло¬гия сияқты жаратылыстану пәндерінің орны мен қызметі айрыкша зор.
Өзін-езі тексеру сурақтары
Ө
1. Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері қандай?
2. XX ғасырдың ең ірі ғылыми-техника-лық жетістіктері қандай?
3. Неліктен физика техниканың негізі бо¬лып саналады? Жауаптарыңды мысәлдар-мен дәпелдеңдер.

2-тапсырма
^Мк Қазіргі заманның техникасы жөнінде қо-сымша әдебиеттерден баяндама жазың-дар.
Категория: Қазақ тіліндегі мақалалар | Добавил: Asia (07.02.2014)
Просмотров: 3213 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 2
2 KennethSauby  
I've been browsing online more than 3 hours today, yet I never found any interesting article like yours. It is pretty worth enough for me. In my view, if all site owners and bloggers made good content as you did, the web will be much more useful than ever before.
I'll right away grasp your rss feed as I can't to find your email subscription hyperlink or newsletter service. Do you have any? Kindly allow me recognise so that I may subscribe. Thanks.
https://sinee2v4x-nebo8q5f-golova8v3z.com

1 akmaral  
коп коп рахмет сiздерге

Имя *:
Email *:
Код *: