[inetvse ]

Қазақстандағы керекті мамандар. Мектептен кейін қандай мамандықты таңдасам екен?
Қазақстандағы керекті мамандар. Мектептен кейін қандай мамандықты таңдасам екен?
Осындай сұрақ әр бір адамның басына мектепті аяқтайтын уақытта келеді. Сол кезде адам расында ойлана бастайды қандай мамандықты таңдасам екен және сол мамаңдық маған көбірек ақша әкелсе екен ой пайда болады. Қазіргі Қазақстанға инженерлер,құрылысшылар,архитекторлар, биологтар осындай сияқты өндірістегі жұмыскерлер керек болып тұр. Қазіргі Қазақстанымызда шетел архитекторлары үйлерімізді салып еліміздің бюджетін сыртқа тартып жатыр, ал біз болсақ өзімізде жақсы маман дайындап шығаруымыз керек және де сол маман елінің артқан сенімін ақтау керек.
Егер әрбір студент кішкене талаптанса онда біздің еліміздің болашағы өте жарқын болмақ. Әр бір оқушы зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істеуден қорықпау керек, ол сол саланы жетік білетін еліміздің білікті мамандардың бірі болу керек. Болашақ студент сен егер өзіне мақсат қойсан сол мақсатқа жетем десен көп еңбектену керек ештене тегін берілмейді, тек талап пен еңбек адамды болашаққа, жақсы өмірге жетелейді.
Еңбек түбі сары алтын деп жайдан жай айтпаған, еңбекіз адам - адам емес ол жайғана зат секілді керек емес болып қалады, ал егер адам еңбектенсе өз саласының маманы болса ғана сол еңбегінің жемісін ақша түрінде көре алады. Бай адамдар бір күнде байыған жоқ олар күнделікті еңбек етудің арқасында байып отыр.
Сондықтан ағайын бөлінбей бірігп еңбек етейік. Біздің Елбасымыз айтқандай еліміздің болашағы бірлікте.
Категория: Қазақ тіліндегі мақалалар | Добавил: Asia (02.05.2014)
Просмотров: 1051 | Теги: Қазақстандағы керекті мамандар. Мек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: