[inetvse ]

Абай Құнанбайұлы туралы шағын шығарма
Абай Құнанбайұлы туралы шағын шығарма
Абай Құнанбайұлы қазақ елінің үлгі тұтар данасы. Ол жастайынаң әжесі мен анасының бауырында өсіп, сол мезеттен ақындық жолына түседі деп айтуға болады. Қасындағы осындай жаңдарынан ертегілер мен өлең-жырларды тыңдап бойына сіңірген жас ақын ойы ұшқыр болып өседі.
Өзіндік ақындық жолындағы ізденеісің Абай орысша кітаптарды көп оқып ойын жетілдіреді. Қазақтың көрнекті жазушысы нағыз шығармашылық ақындық жолын қырыққа таяңған кезінде бастайды. Абай өзінің шығармашылық жолында білім мен мәдениеттің маңыздылығын көрсетеді.
Ең алғашқы шығармаларының бірінде айтып кеткендей.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра ескермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсың, шен алсын деп бермедім.
Осындай өлеңдері арқылы ол өзінің өкінішінғана білдіріп қоймай, болашақта жастар өмірде бос қалып қоймасын деп, білімді, көздері ашық ұлы тұлғалар болсын деп өз өсиетін қалдырып кеткен.
Ақын өз жазуларында жастарды, халықты оқуға, білімге, өнерге баулыған. Қазағым қарайып қалмасын деп, еңбектерінде ақын көрсетіп жазып кеткен. Ақын зиялы жастар тәрбиелеуге тырысты. Халқының болашағын ойлаған. Абай өз шығармаларында адамның жаман жақтарын көрсетіп сынап, түзетуді ойлап қазақ жастарына арнаған шығармалары аз емес.
Осы ұлы тұлға әрқашанда біздің жадымызда сақталып, оның шығармалары әлі талай ұрпақты тәрбиелеп, дұрыс жолға сілтеп көрсететіні аңық.

Источник: http://inetkz.ucoz.ru
Категория: Қазақ тіліндегі мақалалар | Добавил: Asia (04.11.2016) | Автор: Абай Құнанбайұлы туралы шағын шығар E W
Просмотров: 1260 | Теги: қазақша шығармалар, эссе, Абай Кунанбаев, шығарма, Абай Құнанбайұлы туралы шағын шығар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: