[inetvse ]

6 шілде Астананың туған күні
6 шілде Астананың туған күні
Бұл мереке республикалық маңызы бар мерекелер қатарына жатады. Жыл сайын шілде айының алтысында аталып өтеді. Дәл осы күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туылған күні болады. Астана қаласы жас қала болса, оның төл мерекесін атап өтіп жатқанымызға көп бола қойған жоқ. Астан күнін мереке етіп бекітіп, республикалық маңызы бар мерекелердің қатарына қосқан күн — 2008 жылдың 18-ші маусымы. Осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірауыздан «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңын мақұлдады. Соған сәйкес, жыл сайын 6-шілде “Астана күні” мерекесі болып бекітілді. Ал бұрындары, 1998 жылдың 10-маусымында Қазақстанның жаңа елордасының тұсаукесері өтті. Осы күн 2006 жылға дейін Астананың туған күні ретінде атап өтіп келген болатын.
Астана күніне орай Қазақстанның барлық қалаларында мерекелік шаралар өтеді. Әсіресе, Астана қаласында жаңа ғимараттар мен халық игілігіне арналған түрлі нысандар пайдалануға беріледі, түрлі мәдени-тарихи іс-шаралар атқарылады. 2010 жылдан бері Астана күніне орай атақты кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтың ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ”Астана” халықаралық экшн-фильмдер фестивалі өтіп жатыр.
Категория: Қазақ тіліндегі мақалалар | Добавил: Asia (01.05.2014)
Просмотров: 1585 | Теги: 6 шілде Астананың туған күні | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: